Бұл бетте «Белектің жасыл желегі» атты Баянғали Әлімжанов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жамылған жасыл желегін,
Белгілі мекен Белегім,
Белестен өткен берендер,
Белектен табар керегін,
Береді екен бір күнде,
Бір жылға жетер қорегін,
Тамашалайды, таңданып,
Тамырлы түрік терегін,
Бір көрген адам ұмытпас,
Белектің жасыл желегін,
Жағада жүзер, қиялмен,
Теңіздің сүзіп тереңін,
Көк теңіздің түбінен,
Өткеннің іздеп дерегін,
Сағымы бұлтпен ойнаған,
Сары даладай көремін,
Шалқыған байтақ Ақ теңіз,
Сағынып тағы келермін!
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі