Тілек – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Тілек» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 14.06.2022
  • 0
  • 0
  • 1104
Аллатағала!
Мен қазiр
Жалғыз қалғандаймын!
Тiлейтiнiм:
Дауыл соғып аударылсам –
Өзiмнiң жел қайығымда –
Аударылайын.
Суға кетсем –
Өзiмнiң Жайығымда,
Өзiмнiң Ертiс пен Iлемде
Суға кетейiн.
Жауларым қуансын.
Мүрдем кетейiн!
Егер құздан құласам,
Өзiмнiң құзымнан
Құлайын.
Егiлiп, еңреп жыласам –
Өзгенiң емес! –
Өзiмнiң үйiмде
Жылайын.
Осы тiлегiмдi
Бере гөр, құдайым!
Менi аралап кессе –
Өзгенiң емес! –
Өзiмнiң арам кессiн.
Мен де бiр түйiнмiн! –
Менi шешсе –
Өзгенiң емес! –
Өзiмнiң балам шешсiн.
Күлге айналып сөнсем –
Оттай намысымды
Жаудың алдында
Асырып сөнейiн.
Егер мен асылып өлсем –
Өзгенiң арқанына емес –
Өзiмнiң арқаныма
Асылып өлейiн.
Тiлейтiнiм:
Жала жапса да
Жала iздемейiн.
Дүние
Астаң-кестең болса да –
Басқа елден! –
Пана iздемейiн!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тілек өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Тілек өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тілек өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тілек өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері