Ерегес

Бұл бетте «Ерегес» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 20.06.2022
  • 0
  • 0
  • 758
Айтпаймын!
Айтсам –
Дегенiмнен қайтпаймын.
Мейлi
Диiрменге салып
Ұн қылып менi тарт.
Үстiме
Зiл батпан
Қара тасыңды арт.
Құлдай мұрнымды тесiп,
Одан қалса
Ұрығымды кесiп
Құртып жiбер;
Қолыңнан келсе
Құмдай үгiп,
Жүндей етiп
Түтiп жiбер.
Жетi қат жердiң астына
Түсiрiп,
Жетi қат көктiң iшiне
Ұшырып жiбер.
Шойын етiк киiп
Күлге аунатып
Тапта!
Iстiкке шаншып ап
Отқа ұстап қақта...
Айтпаймын!
Айтсам –
Қайтпаймын!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ерегес өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Ерегес өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ерегес өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ерегес өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері