Күмпілдектер

Бұл бетте «Күмпілдектер» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 25.06.2022
  • 0
  • 0
  • 595
Ертеде
Қайынсақ бір күйеу
“Шіркін,
Қолымда қалайы кетпен,
Шапқаным күл болып
Бұрқыра- ты- ып
Лақтырып жатқанда
Қайын жұртым
Қарап тұрса” —деп
Арман етіпті.
Сонан кейін
Оң жағына қарап
Қорбаң-қорбаң,
Сол жағына қарап
Арбаң-арбаң етіпті.
Қазір армандамайды!
Сенбесең қарашы,
Шөп басын сындырмайтын
Әне біреу
Тау бұзып,
Тас жарғандай,
Аспандағы бұлтты
Арқалап әкеп
Текемет құсатып
Шөлдің үстіне жайғандай
Ісініп тұр.
Айды аспанға шығарып
Жұлдыздарды топырлатып
Қара жерге түсіріп тұр.
... Бір кезде
Қабағын түйіп.,
Ызадан өртенердей боп
Ел налып қарады:
Не болды десем,
Бес ешкі айдаған
Мына бір пақырдың
Ысқырығы! —
Жер жарып барады.
Қолынан ештеңе келмейтін
Мына бір пенденің
Өзін-өзі жұлып жеп,
Айналасын түтіп жеп
Жұлқылауын-ай!
Есек арба сүйреуге
Шамасы келмейтін
Мына бір сорлының
Ентігін баса алмай тұрған
Паровоз құсап
Ақ буын бұлттай будақтатып
Бұрқырауын-ай!
... Осылардың бәріне
Әне бір қария
Иіні түсіп,
Жүрегі сазып қарады.
Енді қайтсін,
Жер тозып барады,
Ел азып барады.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Күмпілдектер өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Күмпілдектер өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Күмпілдектер өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Күмпілдектер өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері