Бай мен ақын – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Бай мен ақын» атты Абдрахман Асылбек жазған поэзия туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 08.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1264
Зор Байменен соттасты Ақын саналы,
Зевске әрі жалынды ол жақта деп;
Бұйрық жетті тез келіңдер сотқа деп.
Келді: бірі – жан арық,
Киімі де шамалы;
Бірі – маңғаз, кигені кіл бағалы.
«Есіркей гөр, әміршісі Олимптің,
Қолыңда от та, жарық күн! –
Деді Ақын, – не кінәм бар алдыңда?
Жастан бақыт бұрмай қойды мойын да,
Еш нәрсем жоқ, бар байлығым бойымда:
Тек қиял мен ойымда;
Мына мырза, ал мұнда,
Ақылсыз-ақ саған жақын жайғасқан.
Қоршайды жұрт ұқсап бейне шалғынға,
Молшылықтан бар денесін май басқан».
«Не керегі бар оның?
Сенің жырың ғасырлар ел жүрегін жылытар, –
Деді Юпитер, – ал оны
Шөбере емес, немересі-ақ ұмытар.
Өзің ең ғой бұл даңқты таңдаған,
Ал, мен оған байлық беріп алдағам.
Бірақ, сенгін, шындықты болса аздап аңдаған,
Ақыл кіріп және де бір мезетке өзінше,
Алдында бір бейшара екендігін сезінсе,
Сенен гөрі көбірек күңкілдер еді ол маған».


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бай мен ақын өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Бай мен ақын өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бай мен ақын өлеңі не туралы?

Бұл шығарма поэзия туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Бай мен ақын өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері