Арина – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Арина» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 05.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1242
Аңсаған арманым, Арина,
Ырзамын өмірде барыңа.
Кездестім өзіңмен мен алғаш
Көрікті көктемнің таңында.
Аңсаған арманым, Арина,
Асықтым жетуге жаныңа.
Жаралған асыл жан екенсің
Мен үшін, тек менің бағыма.
Айналып арманым сағымға,
Кезіктің шөлдеген шағымда.
Өзіңсің өмірлік өлеңім,
Бойдағы тулаған қаным да.
Жанымды жылытып жалынға,
Жанасың жұлдыз боп таңымда.
Жадырап жарқырай беремін,
Өзіңдей асыл жан барында.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Арина өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Арина өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Арина өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Арина өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері