Жақсылықты бір-біріне қимаған – Жадыра Дәрібаева

Бұл бетте «Жақсылықты бір-біріне қимаған» атты Жадыра Дәрібаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.07.2020
  • 0
  • 0
  • 2496
Жақсылықты бір-біріне қимаған,
Дөкейлерін амалсыздан сыйлаған
Жаны жайсаң тұлғаларын тұқыртып,
Күн көрсетпей қызғанышпен қинаған,
Ел болдық-ау құндылығы қираған…
Сұлқ түсірер сұлулыққа сұқтанса,
Қарсыласын сөзбен түйрер жыққанша,
Басқалардың бәрі жақсы көрінер,
Өз қадірін қашан өзі ұққанша,
Шашылар-ау береке мен құт қанша…
Байығаны менсінбеген туысын,
Ақша бүркеп кеудесінің қуысын,
Бас қатырып пайымдап та жатпайды
Ұғымының дұрысы мен бұрысын,
Ортаймайды деп ойлайды ырысын…
Құмарына қанамын деп қызықтың,
Құрбаны боп айлакер мен бұзықтың,
Нұрлы сана, адамдық пен ұлттыққа
Салынғанын сезбей жүрміз құрықтың,
Лайланғанын «иман» атты тұнықтың…
Құныққанның тоқтамы жоқ құламай,
Бұл өмірден өткендер аз жыламай,
Мен үшін ғой сенен артық халық жоқ
Кей қылығың жүргенімен ұнамай,
Киелім-ау, болсаң етті қырағы-ай…


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жақсылықты бір-біріне қимаған өлеңінің авторы кім?

Жадыра Дәрібаева — осы өлеңнің авторы.

Жақсылықты бір-біріне қимаған өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жақсылықты бір-біріне қимаған өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жадыра Дәрібаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жақсылықты бір-біріне қимаған өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері