Махаббатпен дүние есігі ашылған – Жадыра Дәрібаева

Бұл бетте «Махаббатпен дүние есігі ашылған» атты Жадыра Дәрібаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.07.2020
  • 0
  • 0
  • 1508
Махаббатпен дүние есігі ашылған,
Ақша бұлт тұр асау шыңға асылған,
Таң шапағын шабыттана қарсы алдым,
Жүрегіммен жұмыртқадай аршылған.
Қимастығым құштарлықпен қайралған,
Өжеттігім нәзіктікке айналған,
«Ризамын», – деп, еміренемін Тәңірге,
Күндеріме тіршілікке байланған.
Күміс айдың сәулесімен ымдасқан,
Жер бетінің бар мұңымен мұңдасқан,
Жартастың да тас жүрегін жібітер,
Өмір жайлы жазсам деймін Нұр-Дастан!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Махаббатпен дүние есігі ашылған өлеңінің авторы кім?

Жадыра Дәрібаева — осы өлеңнің авторы.

Махаббатпен дүние есігі ашылған өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Махаббатпен дүние есігі ашылған өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жадыра Дәрібаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Махаббатпен дүние есігі ашылған өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері