Абайды да таяқтатып ұрғызған – Жадыра Дәрібаева

Бұл бетте «Абайды да таяқтатып ұрғызған» атты Жадыра Дәрібаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.07.2020
  • 0
  • 0
  • 1021
Абайды да таяқтатып ұрғызған,
Біржанның да аяқ-қолын буғызған,
Жаны ызғар, зәрге толы көкірек,
Қорқады ғой жарқыраған жұлдыздан.
Сондықтан ол бар жарыққа өшігер,
Қолдан келсе, жарқын үнді өшірер,
Өзінде жоқ нұрды көрсе басқадан,
Аласұрып, арпалысып, есірер.
Амалы жоқ алыстағы Күн, Айға,
Көріп, білсе азу салар Құдайға,
Түнегіне тұншықтырар шуақты,
Тізгініңді берме, дүние, мұндайға!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Абайды да таяқтатып ұрғызған өлеңінің авторы кім?

Жадыра Дәрібаева — осы өлеңнің авторы.

Абайды да таяқтатып ұрғызған өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Абайды да таяқтатып ұрғызған өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жадыра Дәрібаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Абайды да таяқтатып ұрғызған өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері