Дауылға тосып кеудемді – Жадыра Дәрібаева

Бұл бетте «Дауылға тосып кеудемді» атты Жадыра Дәрібаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.07.2020
  • 0
  • 0
  • 1021
Дауылға тосып кеудемді,
Дедім мен: «Сендім өзіңе!»
Ұшықтап көңіл – меңіреуді
Оралдым кәусар кезіме.
Ашынып кеттім біртүрлі,
Жалындап шықпай жас үнім,
Жоғалтып күндей күлкімді,
Жылаудан қанша жасыдым.
Біреуге сеніп соншама,
Түптемей, ұқпай түбірін,
Именіп кірдім ортаға
Күншілдің естіп күбірін.
Айдыны айқын болмады,
Сұңғыла еді сезімім,
Әбіржітті де қорлады,
Сүрініп қалды-ау сенімім.
Сарқылмас іңкәр сағыныш,
Түлейді жүрек сан күйген,
Жан дүниемдегі жарылыс
Мен үшін артық бар күйден!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Дауылға тосып кеудемді өлеңінің авторы кім?

Жадыра Дәрібаева — осы өлеңнің авторы.

Дауылға тосып кеудемді өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Дауылға тосып кеудемді өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жадыра Дәрібаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Дауылға тосып кеудемді өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері