Солдат сәлемі – Айтуар Өтегенов

Бұл бетте «Солдат сәлемі» атты Айтуар Өтегенов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1538
Кеудені кернер ән болсын,
Деп жүретін біз барда.
Сәлем айт, менен жан досым,
Ауылда қалған қыздарға.
Жырламай жүрек тұрмасын,
Теңіздей тасы сен кейде.
Сәлем де менен құрдасым,
Әзілқой, жарқын жеңгейге.
Қаламын айтпай несіне.
Сағыныш шыңдар солдатты.
Түсіріп бақты есіме,
Сәулешім хатын жолдапты.
Сезімді қалар бүгіп кім,
Көңілмен менде құшамын.
«Баураған сол бір жігіттің,
Сағындым, депті, құшағын».
Өтеді уақыт жолсызда,
Өтеді күндер тоқтамай.
Барып тұр, досым, сол қызға,
Жүрсінші мені жоқтамай.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Солдат сәлемі өлеңінің авторы кім?

Айтуар Өтегенов — осы өлеңнің авторы.

Солдат сәлемі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Солдат сәлемі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Айтуар Өтегенов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Солдат сәлемі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері