Айтшы маған – Айтуар Өтегенов

Бұл бетте «Айтшы маған» атты Айтуар Өтегенов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 04.07.2019
  • 0
  • 1
  • 3100
Айтшы маған аспандағы ақ бұлттар,
Өн бойында адалдық бар, пәктік бар.
Шарлайсыңдар, кезесіңдер, сезесің,
Қай елдерде сүйініш пен шаттық бар.
Көңілімді пәк сезімге бай қылар,
Шын ғашықпын, емеспін мен жай құмар.
Айтшы маған ақ бұлттары Әбудің,
Қай елдерде күйініш пен қайғы бар.
Ұғындырып жер мен көктің арасын,
Суретті ансамбльдей жарасып,
Жауап бермей сұрағыма үн-түнсіз,
Ақ бұлттар-ау, ақ бұлттар,
Қайда кетіп барасың?


Пікірлер (1)

Маржан

Өте кушты

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Айтшы маған өлеңінің авторы кім?

Айтуар Өтегенов — осы өлеңнің авторы.

Айтшы маған өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Айтшы маған өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Айтуар Өтегенов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Айтшы маған өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері