Намысшыл, бәйге десе қан қызатын – Айтуар Өтегенов

Бұл бетте «Намысшыл, бәйге десе қан қызатын» атты Айтуар Өтегенов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 04.07.2019
  • 0
  • 0
  • 2651
Намысшыл, бәйге десе қан қызатын,
Бұл бабам, баптап мінген жалғыз атын.
Аты болса байлықты көксемеген,
Қайғырмаған жоқтыққа өкшелеген.
Ат үстінде намысшыл арлы болған,
Түзде сері, үйінде жарлы болған.
Сынайтын жігіт бағын бәйге болған,
Ат мінбесе бабама қайғы болған.
Арманы сондықтанда бір ат болған,
Бір ат міну бабама мұрат болған.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Намысшыл, бәйге десе қан қызатын өлеңінің авторы кім?

Айтуар Өтегенов — осы өлеңнің авторы.

Намысшыл, бәйге десе қан қызатын өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Намысшыл, бәйге десе қан қызатын өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Айтуар Өтегенов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Намысшыл, бәйге десе қан қызатын өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері