Қой мен қойшы

Бұл бетте «Қой мен қойшы» атты Айтуар Өтегенов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 09.03.2019
  • 0
  • 0
  • 2057
Шіліңгір шілде ішінде
Күн тиіп азап тартасың.
Ішкізер еді — дом үшін де
Қара қойдың сорпасын.
Қара құрт шақса уытын,
Тағы да сорпа қайтарар.
Шомылып соған жігітім,
Шыдамсыз жаның жай табар.
Тұра алмай қалсаң шойырылып,
Жел тиіп желкем беліңе.
Сол қойшы қойын сойдырып,
Орайды жылы теріге.
Жайлауда ауырып қалдың ба,
Ойламас әсте арам ой.
Жайылып жүрген алдыңда,
Қойшының емі — қара қой.
Сәулесі күннің мол мұнда,
Қара қой ғажап дара ғой!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қой мен қойшы өлеңінің авторы кім?

Айтуар Өтегенов — осы өлеңнің авторы.

Қой мен қойшы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қой мен қойшы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Айтуар Өтегенов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қой мен қойшы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері