Алғашқы қар қызығы – Айтуар Өтегенов

Бұл бетте «Алғашқы қар қызығы» атты Айтуар Өтегенов жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 25.10.2015
  • 0
  • 1
  • 4648
Жолдың үсті
Жердің үсті
Ақ жамылған тек қана,
Ұшып жатқан,
Түсіп жатқан ақ түбіт пе, мақта ма?
Алма беті бал-бұл жанған топ бала,
Соғып жатыр аққала.
Жас жігіттің мойнына
Бір бойжеткен бал қылық,
Риза өзі ойынына
Жіберді әне қар тығып.
Жүректерді дәл осындай ақ сезімге толтырып,
О, дүние,
Мәңгілікке пәк күйіңде қал тұрып...


Пікірлер (1)

Зинира

Өте керемет

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Алғашқы қар қызығы өлеңінің авторы кім?

Айтуар Өтегенов — осы өлеңнің авторы.

Алғашқы қар қызығы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Алғашқы қар қызығы өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Алғашқы қар қызығы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері