Қарағым – Қайың қалтырап тоңды – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Қарағым – Қайың қалтырап тоңды» атты Исраил Сапарбай жазған махаббат туралы өлең берілген.

  • 22.07.2021
  • 0
  • 0
  • 759
Қарағым – Қайың қалтырап тоңды,
Үзіліп үні таңдайдан.
Өртемеңдерші жапырақтарды,
Сағынышымдай сарғайған.
Көгілдір мұнар көзімде көлкіп,
Барады солып іреңім.
Айықпайтұғын аурудай дертіп,
Сыздайсың неге, жүрегім?
Қараша қаздың қауырсынындай
Қалқиды жерге жапырақ.
Шырқырайсың-ау, жаным, шыбындай,
Не керек саған, ақымақ?
Күледі өмір сайтан – Елестей,
Күндерді ессіз парақтап.
Қоштасар едім қайта келместей,
Қайтейін, менде қанат жоқ...


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері