Ішінде қазымыр мен әккілердің
Бұл бетте «Ішінде қазымыр мен әккілердің» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Ішінде қазымыр мен әккілердің
Қалайша қамсыз ұйықтап, шат күлермін?
Қайрылған қанатынан құсты көрдім,
Айрылған санатынан тақты көрдім.
Ішінде жүргендейін жат бір елдің
Түбіне тұңғиықтың батты көңілім.
Қолынан Құран қашқан қартты көрдім,
Тұнжырап, тұман басқан бақты көрдім...
Соққанмен қызыл сөзден қызыл қамал,
Қамалды көргенім жоқ бұзылмаған...
Жерідім сайқал, сайтан саясаттан
Желкемнен күні-түні ызыңдаған!
Жүйрігін Батыраштар баптағалы
Адыра қалды аққудың аппақ әні!
«Бай-байлап» аза шегіп айдалада
Ақан жүр Құлагерін жоқтап әлі...
Ақанның Арқаны асқан әні – қайғы,
Ақынның жанталасқан жаны – қайғы.
Пақырға аспандағы наны – қайғы,
Патшаға астындағы тағы – қайғы.
Жамылып жатамын да қалың ойды,
Аңсаймын кешегі өткен Абылайды,
Көктегі Құдайсың ба, Күн, Айсың ба,
Бүгінде ешкімді ешкім танымайды.
Жә, мейлі, танымаса, танымасын!
Несіне жазған жүрек жанығасың?
Әр қазақ – бір-бір Құдай,
Амалың не,
Қуыршақ құдайларға жарығасын!..
-
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі