Жыр оқимын тасыңнан

Бұл бетте «Жыр оқимын тасыңнан» атты Айтуар Өтегенов жазған поэзия туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 16.11.2015
  • 0
  • 1
  • 3052
О, Маңғыстау, жасырған,
Құпияң мол неткен бұл?
Жыр оқимын тасыңнан,
Қына басқан көктеңбел.
Өткен өмiр айқаста,
Iстеп кеткен дегенiн.
Қой таста да, ай таста,
Таңбасы бар жебенiң.
Мәңгiлiк боп ұраны,
Жоғалмастан нұр әрi.
Мавзолейлер, мазарлар,
Айдалада тұр әлi.
Небiр тарих жатыр-ау,
Сынып, мұрты кертiлiп.
Жетi жұрт кеп, япырау,
Кеткен дейдi жетi жұрт.
Тұлғасына тұнған әр,
Сұрақ қоям шыңдарға.
Мына қорым кiм болар,
Сақтар әлде,
Оғыздар ма,
Ғұндар ма?


Пікірлер (1)

Бозторғай

керемет екен !
тамаша ! Өте жақсы !

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жыр оқимын тасыңнан өлеңінің авторы кім?

Айтуар Өтегенов — осы өлеңнің авторы.

Жыр оқимын тасыңнан өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жыр оқимын тасыңнан өлеңі не туралы?

Бұл шығарма поэзия туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Жыр оқимын тасыңнан өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері