Айтуар Өтегенов — мақалалары, өмірбаяны және шығармалар жинағы

Айтуар Өтегенов мақалалары, еңбектері және автор туралы негізгі мәліметтер осы бетте жинақталған.

Бұл автор бетінде Айтуар Өтегенов шығармашылығына қатысты материалдар, өмірбаяны, ішкі сілтемелер және байланысты бөлімдер бір жерде берілген.

Автор туралы

Өтегенов Айтуар Оспанұлы (1946 ж. т., Атырау облысы Жылыой ауданы Ақкиізтоғай ауылы) – ақын, әкімшілік қызметкері. ҚазМУ-дың журналистика факультетін және Алматы жоғары партия мектебін бітірген. Еңбек жолын көмекші шопан, механизаторлықтан бастаған. Ол Жылыой аудан газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, аудан партия комитетінің нұсқаушысы қызметтерін атқарған. 1985 ж. Бейнеу ауданы «Рауан» газетінде редактор, кейіннен Бейнеу аудан кеңесіне төраға, аудан мәслихат хатшысы болып сайланған. Аудан әкімінің орынбасары, облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасында бас маман, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ның жұртшылықпен байланыс тобының жетекшісі болды. Ө-тың «Тұңғыш» (1978), «Ақкөйлек» (1980), «Ақсұқсыр» (1994), «Арманым саған ауған» (1998), «Қарашүңгіл – қаракөзім тұңғиық» (2000), «Адыраспан» (2003) атты жыр жинақтары шыққан; ұжымдық жинақтарға бір топ өлеңдері мен очерктері енген. Бірнеше ақындар мүшәйрасының (Форт-Шевченко қаласының 150 жылдығына, Шотан мен Досан батырды, Абыл ақынды еске алуға, т.б. арналған) бас жүлдегері болған. Бейнеу ауданының құрметті азаматы.