Туған күнді тойламаймын – Айтуар Өтегенов

Бұл бетте «Туған күнді тойламаймын» атты Айтуар Өтегенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 06.07.2019
  • 0
  • 0
  • 8108
Мейлі сана наданға,
Мейлі теңе жаманына одан да.
Туған күн де, өлген күнде біреу-ақ,
Адамда.
Жөн-ау деймін мәнді ұққан,
Деңдер мейлі: «болдық таң».
Мен өзім
Туған күнді тойламаймын сондықтан.
Қарашы!
Мол болатын қуанышы, жарасы.
Ғұмыр деген –
Туған күн мен өлген күннің арасы.
Ана болған талайларға бұл мекен,
Мекенімді жеткенше әлім гүлдетем.
Туған күнді тойлай берсін тойлайтын,
Ал өзім –
Бір келем де,
Дүниеден бір кетем.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері