«Қу шанақтың» құлақ күйін келтірдім
Бұл бетте ««Қу шанақтың» құлақ күйін келтірдім» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
«Қу шанақтың» құлақ күйін келтірдім,
Желігімді қоздырмаққа жең түрдім.
Көзімдегі көк шыбынды қашырып,
Өзектегі өксігімді өлтірдім.
Серілерше келіп еді серпілгім,
Көзден ақты удай ащы ертіндім.
Дара қалдым,
Жараландым,
Дал болдым
Дауа таппай дəргейіне дертімнің.
Күлге айналған ошағында өртімнің
Кемірілдім, кездіксіз-ақ кертілдім.
Емексітпей,
Елес құрлы, ең құрса,
Есігімнен енсең етті, Еркін күн?!
- Азамат Төре
- Али Акбар Деһхода
- Али Акбар Деһхода
- Али Акбар Деһхода
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі