Кешегі кербез жиырмабес
Бұл бетте «Кешегі кербез жиырмабес» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Кешегі кербез мəз емес жігіттің жайы –
Тақырдай қаңсып таусылды жіліктің майы.
Төзімді жалап-жұқтаған төсекке ене
Өзеуреп өшіп қалады қос өкпе неге?
Шіреніп тұрып тартатын адырна кəні?
Қауқарсыз неге, құдай-ау, қазіргі амалы?
Белдегі қуат, бойдағы бесатар қайда?
Тимеді атқан бытырам кеше торғайға...
Желөкпе қызды жетектеп желпінетін едік,
Жетпегір жүрек неге ерте ентігеді келіп?
Опалы тұста оталмай білтелі мылтық,
Күн өткен сайын барады діңкені құртып.
Қолыммен сипап қоямын қорамса сыртын,
Кешегі кербез Жиырмабес оралса, шіркін!..
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі