Жүрек
Бұл бетте «Жүрек» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Бір жүрекке жабысады мың қайғы,
Бұрын-соңды кім көріпті мұндайды?
Бір жүректі шымшылайды мың бір дерт,
Шыбын жанды шырқыратып, тіл күрмеп.
Бір жүрекке ұялайды мың бір мұң,
Сырлас, мұңдас бола қалып шын құрбың.
Бір жүректе балалайды мың арман,
Көз ұшында өшіп-жанып шырағдан...
Бір жүректе тұншығады мың бір əн,
Сұлулықтан сыр тартқанда сұңғылаң.
Бір жүректе қыңсылайды мың қаншық,
Көңіл шерін көз жасымен жуғансып.
Бір жүрекке бұйырса етті бір бақыт,
Пейіштегі періштедей үн қатып...
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Салтанат Айдарбекова
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі