Бір жолдастың сыры

Бұл бетте «Бір жолдастың сыры» атты Тәкен Әлімқұлов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 11.12.2020
  • 0
  • 0
  • 823
Лапылдаған осы мен өрттімін бе,
Арыстандай ыңранған дерттімін бе?
Шыға келер майданға ат ойнатып,
Сөз семсерін суырған серттімін бе?
Неге менен кей адам қаймығады,
Жау көргендей жүрегі шайлығады?
Неге, неге тілейді күбір-күбір,
Күн тууын басыма айнымалы?
Неге өсекпен жанымды жаралайды,
Неге ізімді аңдиды, алалайды.
«Дос» дегенім болыспай, бұқпантайлап,
Неге, неге жазықсыз табалайды?
Шатқалаңда жол таптым естілікпен,
Сүйенішті көп көрдім көпшіліктен.
Жаңалықтың бас идім жалауына,
Коммунисше сайысам ескілікпен.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бір жолдастың сыры өлеңінің авторы кім?

Тәкен Әлімқұлов — осы өлеңнің авторы.

Бір жолдастың сыры өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бір жолдастың сыры өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тәкен Әлімқұлов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бір жолдастың сыры өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері