Жаз жаршысы – Тәкен Әлімқұлов

Бұл бетте «Жаз жаршысы» атты Тәкен Әлімқұлов жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 11.12.2020
  • 0
  • 0
  • 1491
Толықсыған көктем таңы,
Жатыр әлем нұрға бөгіп.
Жылт-жылт етіп шық маржаны,
Күн де шықты шұғыла төгіп.
Мың құлпырып дала, міне,
Көк телегей толқып жатыр.
Иранбақтың лала гүлі,
Бір шөбіңе емес татыр.
Көкорай бел ұшқан түзде,
Жер қайысқан төрт түлік мал
Басын алар емес жерден –
Кең даланың шөбі де бал.
Сағым жуған сонау адыр,
Етегінде алып завод.
Шып-шып тершіп жатыр қазір,
Өңешінен шашып сан от.
Тамылжыған алтын Майым,
Сендей көркем өмір таңым.
Көңілім хош әр жыл сайын,
Оралғандай жастық шағым.
Оңтүстіктен қайтқан қаздың
Қанатынан леп еседі.
Лебі емес пе ерке жаздың
Көп ұзамай келесі енді.
Келсін көлбеп, сағынған жаз,
Ессін еркін ерке лебі.
Кәрі, жастың бәрі де мәз –
Жарқын жазым, сүйем сені!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жаз жаршысы өлеңінің авторы кім?

Тәкен Әлімқұлов — осы өлеңнің авторы.

Жаз жаршысы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жаз жаршысы өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Жаз жаршысы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері