Ел-жерге ие телмеңдеп келген келімсек – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Ел-жерге ие телмеңдеп келген келімсек» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.08.2021
  • 0
  • 0
  • 723
Ел-жерге ие телмеңдеп келген келімсек.
Қадірің кетіп, атандың қазақ еріншек.
Үлгісін ескі жат елдің жаңа деп киіп..,
Арамы іске әккі қуларды керім деп.
Панасы жоқтай шарасыз қалған ел мынау,
Құнары тозып, құрағы солған жер мынау.
Әрекет қылар, берекет құрар белсеніп,
Ер езге айналып, мәңгүрт пе мынау дерлік-ау.
Кешегі қазақ атанған дарқан кең қолтық,
Ұрлық пен қарлық, қылмыс жайлаған ел болдық.
Алла ашынып аямай зауал бергендей
Деген тәрізді кең қолтығың үшін көр қорлық.
Жосыған жастар жөңкіліп жүрген саяқтай.
Толтырып базар жан-жаққа көз сап жалақтай.
Жұлып кетерлік, іліп кетерлік ілікпей,
Торуылда жүр жұқ болар түйір қарақтай.
Сатпайтынды сатуға болып алдық тым ұста,
Халық үшін дегенге қалта жыртық, қол қысқа.
Түзеймін деп келгенге тізгін бердік. тежемей,
Дейтін жан жоқ қазағым, жем болдың-ау.., құсқа
Жоқ па еді өзінде электрші инженер
Намыс қылмай билікті жат қолына кім берер
Тістегеннің аузында, тұтқанда кетіп байлығың
Алақан жайып аймаққа, телмеңдеп болдың күн көрер.
Жерді сату — елді сату, Отаныңды, Анаңды
Ел алдында бұл әрекет танытады бағанды,
Десіп кеше ұлылардың көзін көрген зиялы
Көтеріле хат жолдады таппаған соң амалды...
Қорғап берген ата-баба жер байлығың тоналды.
Тонналаған түсті металл шетел асты жоғалды.
Обыр көздер төніп жатыр енді өзен, көліңе
Байқоңырдан басталған сор ес жиғызбас боп алды.
Нелерді естіп, нелерді көрмей бүгін
Жүрміз қандай тектемей өмір жүгін.
Қорғайды деп сенгенін қорқау шығып,
Жұтқандар жүр түсірмей түйе түгін.
Жасап болып, қылмыспен күресеміз
Жібермейміз, кетпейді көпке есеміз.
Жең ұшынан жалғасып, жемсауымыз
Толғаннан соң шіреніп іс шешеміз.
Ауызда Алла, адамдық аяқ асты
Жан түршігіп, естіген құлақ басты.
Тозақ оттан қорықпай, аруақ аттап,
Ұрлайтын жүр зираттан құлпытасты.
Қылмыскер боп жаралып анасынан
Туа ма адам өмір ғой жан ашынған.
Абайлатпай жарға ұрып, жүйке тозып,
Айыратын адамды санасынан.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ел-жерге ие телмеңдеп келген келімсек өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Ел-жерге ие телмеңдеп келген келімсек өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ел-жерге ие телмеңдеп келген келімсек өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ел-жерге ие телмеңдеп келген келімсек өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері