Дарын

Бұл бетте «Дарын» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.08.2021
  • 0
  • 0
  • 1736
Дарын екен ерекше жаратылған,
Сүйген ұлы Алланың, дара тұлға.
Жәй адамды жаратса топырақтан
Дарынды Алла жаратқан жан отынан.
Сондықтан ол маздайды, алаулайды,
Ажарынан ақ сәуле таң аумайды.
Тазалықтың, әділет, адалдықтың
Туы болып аймаққа ар аунайды.
Оймен біліп бұл тылсым дүние сырын,
Ізгілікке жақ болып, келмей қырын.
Шапағатымен шарпып шар тарапты,
Аймағына даналық шашар нұрын.
Ол — ұлы Абай, ұлы ақын, ұлы дарын
Жетелеген ғарышқа адам арын.
Сүйсіндірген қазағын сүйікті ұлы
Рухымен игерді жердің шарын.
Бұл ғажайып ғаламат дарын күші,
Өлмейтұғын рухтың өшпес ісі.
Әлем өлең патшасы деп таныған
Әзірге жоқ Абайдан дара кісі.
Тыңдаған жан сөзіне ұйып өтті,
Даналығы әлемге сүйікті етті.
Көз жұмса да бүгінмен бірге жасап,
Рухымен елімді биіктетті.
Елі барда мәңгілік Абай тірі,
Тәңірдейін талаптың сүйер пірі,
Тарай берер әлемге әлі талай,
Күн шапағы тәрізді алау нұры.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Дарын өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Дарын өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Дарын өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Дарын өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері