Қағады жігіт кақпаны – Тәкен Әлімқұлов

Бұл бетте «Қағады жігіт кақпаны» атты Тәкен Әлімқұлов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 11.12.2020
  • 0
  • 0
  • 1235
Қағады жігіт кақпаны,
Жұлқынады ит абалап.
Үйге бұл салған «аттаны»,
Келді деп ұры жағалап.
Ах, азулы овчарка,
Танымай жүрсің ұрыңды.
Жарты ғасыр жас шарқы,
Ұрың бір сұм жырынды.
Көлікке-темір өңгертіп,
Көшемен сырғып өтерде,
Еркелеткенін жөн көріп,
Табаныңды көтерме.
Өз қожаң – сенің шын ұрың,
Белгісіз жолмен байыған.
Мойныңа салып шынжырын,
Сырғызған қарғы шайыдан.
Мінберге шықса шалқайып,
Қайыспен қарнын қынаған.
Жаттанды сөзбен қартайып,
Туынды сөзді сынаған.
Бәйбішесімен ерігіп,
Дачаға кетті ол таудағы.
Балдызы үйде зерігіп,
Аңсайды биді баудағы.
Балдызға сол хабарла:
Келіп тұр абзал әріптес.
Махаббат шайқар самалда
Жарасар жасқа сауық кеш.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қағады жігіт кақпаны өлеңінің авторы кім?

Тәкен Әлімқұлов — осы өлеңнің авторы.

Қағады жігіт кақпаны өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қағады жігіт кақпаны өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тәкен Әлімқұлов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қағады жігіт кақпаны өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері