Ақбота – Тәкен Әлімқұлов

Бұл бетте «Ақбота» атты Тәкен Әлімқұлов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 11.12.2020
  • 0
  • 0
  • 2842
Арқаның азат жазында
Қызара бөртіп қымызга,
Самалды таудың сазында
Ұшырасты ақын бір қызға.
Аққұба – қыздың ажары,
Арманнан алыс дәмелі;
Сабырлы, сырлы назары,
Ботадай көзі әдемі.
Көргенде қызды сымбатты
Жас ақ қайың тәрізді.
Шыдамады ақын, тіл қатты,
Алдына салып әзілді:
– Бір ақбота жоғалып,
Айла-ақылдан адастым.
Келді де ізі оралып,
Ауылға Сіздің жанасты.
Екен тым көзің жанарлы,
Қөрмедің бе, қарындас?
Бір жоқты бір жоқ табар-ды,
Табылмай дауым арылмас...
Қыз түлкідей қырланып,
– Қызық екен сөзіңіз,
Деді күліп ұрланып,
– Жүр екен келмей кезіңіз.
Жоқ табылар жоқтаса,
Жоқшым, жолға қонбаңыз;
Алыста емес ақбота,
Ал, бірақ, әуре болмаңыз!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ақбота өлеңінің авторы кім?

Тәкен Әлімқұлов — осы өлеңнің авторы.

Ақбота өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ақбота өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тәкен Әлімқұлов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ақбота өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері