Көзіңді – күлген күн деймін – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Көзіңді – күлген күн деймін» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 05.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1698
Көзіңді – күлген күн деймін,
Шашыңды – тұнық түн деймін.
Күніңнен от ап өмірлік,
Жадырап неге күлмеймін?
Беліңді – тартқан сым деймін,
Армансың асыл шын деймін.
Айрықша сұлу тұлғаңнан
Табылмас сірә мін деймін.
Жүрісің – жанға жыр деймін,
Күлесің – күміс үн деймін.
Өзіңді түгіл өзгеден
Көлеңкеңді де күндеймін...


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері