Жұлдыз
Бұл бетте «Жұлдыз» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қараңғыны қақ жарып,
Ақса жұлдыз – ақ жарық,
Көзін тігіп аспанға,
Дейтін әжем тап сонда:
– Әлдекімнің шырағын
Сөнді деп ұқ, шырағым.
Тас қараңғы тұңғиық,
Төбемізде тым биік
Ағып жатыр жұлдыздар,
Мүлгиді тек шың құздар.
Құшағымда бір қыз бар,
Сезілмейді түнгі ызғар.
Әжем айтқан ертегі
Көңіл күйін шертеді.
Қарамаймын аспанға,
Жерде де от бар жас жанға.
Жанды деп ұқ жұлдызым –
Құшағымда гүл-қызым!
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Омархан Айнұр
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі