Шапшаңдықпен деп келесің жолды ұтам – Айтуар Өтегенов

Бұл бетте «Шапшаңдықпен деп келесің жолды ұтам» атты Айтуар Өтегенов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1336
Шапшаңдықпен деп келесің жолды ұтам,
Жүрісіңе мына досың болды таң.
Асығамыз кабинада қайда біз,
Ентелейміз неге алға оу, Мұқан!
Ұнатушы ең қалжың сөзді, әзілді,
Артатынсың, базынаңды, назыңды.
Кеңесейік өмір жайлы азырақ,
Екіленбей жайлап басшы «газыңды».
Көңілді өтер әрбір алау кешіміз,
Дұрыс жандар сияқтымыз есіміз.
Мақтанарлық, ескерткіш боп қалардай,
Айтшы досым, не бітірдік осы біз?
-Жиырма бесте арды қолдан төккізбей,
31
Ісімізді жүрген жақсы сөккізбей.
Ұялмастан ауыз барып айтарлық,
Әлі ештеңе тындыра алған жоқпыз ғой.
Қайрат барда бойға сыймай тасыған,
Орынсыз-ақ, мыс-қоладай жасыған.
Ізімізді мынау дала бетіне,
/Сұрадың ғой айтайын/
Өшпестей ғып, қалдырсам деп асығам.
– Бұл пікірге досым, мен де қосылам.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шапшаңдықпен деп келесің жолды ұтам өлеңінің авторы кім?

Айтуар Өтегенов — осы өлеңнің авторы.

Шапшаңдықпен деп келесің жолды ұтам өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шапшаңдықпен деп келесің жолды ұтам өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Айтуар Өтегенов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шапшаңдықпен деп келесің жолды ұтам өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері