Жер ешкімді бөлместен тербеледі

Бұл бетте «Жер ешкімді бөлместен тербеледі» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 697
Жер ешкімді бөлместен тербеледі,
Бергенінен көп әлі, бермегені.
Айналамнан анталап, иті өмірдің,
Қуып тығып барады көрге мені...
Арбасады бір шындық, бір өтірік,
Бөлінгендер ішінен жүр өкініп.
Құдай мені сүйеді, құшағына ап,
Пенделердің бөлгенін біле тұрып...
Көрінгеннен қаймығып, именемін,
«Жапырақ-жүрек» өртенген, күйген ерін.
Үрген иттен, жарықтан алып қашқан,
Жер ананың жасырып сүйгені едім.
Шетке қағып шетінен қуалады,
Жеңісім деп, сол ісін қуанады.
Мені бірақ толғатып екінші рет,
Өлмейтін ғып жер анам туады әлі.
Сөз айтады, алдыңа келіп түрлі,
Көңіліңді көрместен елік құрлы.
Бөлетіндер, жер түгіл, саудаға сап,
Алатындай көктегі бөліп Күнді.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жер ешкімді бөлместен тербеледі өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Жер ешкімді бөлместен тербеледі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жер ешкімді бөлместен тербеледі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жер ешкімді бөлместен тербеледі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері