Енді ғана бой жеттім – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Енді ғана бой жеттім» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 598
Енді ғана бой жеттім...
Жасымды сен сұрама,
Өткен жылдар бейне түс, ойда ылғи тұра ма?
Болсам-дағы бұл күні сүйіктісі біреудің,
Мен ешкімді сүймеппін, сүйе алмаппын сірә да...
Келе жатқан кезімде көздерімді жаңа ашып,
Жел айдаған қаңбақтай, тас басыппын, тау асып.
Ұйықтап кетсем, түсімде арман боп қол бұлғадың,
Ал оянсам, өңімде жүрем сенен адасып.
Өз еркіңде, жанымды ұққын, мейлің ұқпағын,
Дей алмаймын бірақ та, осыменен бітті әнім.
Туыппын мен шешемнен, кіндігіме оралып,
Содан ба екен, тағдырдың шырмауынан
шықпауым...
Құс болсам мен өзіңе, ұшар ем қос қанатпен,
Өміріме өкініп, махаббатсыз бар өткен.
Көрген сәулем түсімде, жолығар деп өңімде,
Іздеп келем сабырсыз, биіктерге қарап мен.
Сүймей жүрген өмірді – өмір демен өткерген,
Сүю ғана жүрекке жалын берген, от берген.
Ұмыттырып барлығын, мені өзіне шақырып,
Елес берер қыз-дәурен, келген әрбір көктемнен.
Көктем өтіп, көңілді тербегенде күзгі әнмен,
(Шуақ сүйген жанымды тоңдырғанда ызғармен.)
Ұзағанда Отыздың отауынан, басыма
Айналып бір соққандай, қоңыраулатып
қыз-дәурен!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Енді ғана бой жеттім өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Енді ғана бой жеттім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Енді ғана бой жеттім өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Енді ғана бой жеттім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері