Қыран өлімі

Бұл бетте «Қыран өлімі» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 14.09.2021
  • 0
  • 0
  • 885
Өсіп-өнген өмір барда ұран бар,
Ұрандардан ұлы болсаң сыр аңғар.
Шырқау көктен шырқау шыңға соғылып,
Қыс айында өледі екен қырандар!
Қанатқа іліп шұғыласын әр таңның,
Қыран құстың «жан азасын» тартар шың.
Ызаланып өледі екен қырандар
Арасында ақпан менен қаңтардың.
Тағдыр қатал ұша алмайсың еркелеп,
(Еркелеткен күйді мәңгі шертер ек).
Өмірдегі аласа мен биікті
Өлгеннен соң жібереді жер теңеп...
Өлім жайлы түспей күйрек сезімге,
Қайраттылар қайралған-ау төзімге.
Кетеді екен найзағайлы бұлтты аспан
Қыран құстың көкірегінде, көзінде...
Кімде үміт, кімде қандай күмән бар,
Күрес жайлы сыр шертеді жыраулар.
Шырқауға бір шыққан кезде бақыттан
Басы айналып құлай ма екен қырандар?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қыран өлімі өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Қыран өлімі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қыран өлімі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қыран өлімі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері