Дала өсиеті – Айтуар Өтегенов

Бұл бетте «Дала өсиеті» атты Айтуар Өтегенов жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 28.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1135
Құздардан құлдилап құлаңдар,
Биікке самғауды сұраңдар.
Ей, жастық, мұзбалақ қырандар,
Кеудемде сендерге арнаған,
Әлі ешкім айтпаған бір ән бар.
Нөсердей толассыз құйыңдар,
Найзағай отындай қиыңдар.
Ей, жастық, қуатты құйындар,
Кеудемде сендерге арнаған,
Әлі ешкім тартпаған күйім бар.
Мөп-мөлдір бұлақтан қаныңдар,
Теңізден маржандар алыңдар.
Ей, жастық, ып-ыстық жалындар,
Кеудемде сендерге арнаған,
Әлі ешкім татпаған балым бар.
Мен сені сұңқар ғып ұшырам,
Мен сені тұлпар ғып өсірем.
Мас болсаң жас қой деп кешірем,
Кешірмен...
Қалсаң сен өмірдің көшінен,
Атыңды біржола өшірем.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Дала өсиеті өлеңінің авторы кім?

Айтуар Өтегенов — осы өлеңнің авторы.

Дала өсиеті өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Дала өсиеті өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Дала өсиеті өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері