Майра Мұхамедқызы – Лұқпан Сисекенұлы

Бұл бетте «Майра Мұхамедқызы» атты Лұқпан Сисекенұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 09.06.2019
  • 0
  • 0
  • 2388
Жүзе біліп ағысы мол тереңді,
Қазақ қызы мойындатқан әлемді.
Ой салады еріксізден жаныңа,
Пейілі оның айтшы неткен кең еді.
Өшпейтұғын өнерінің шуағы,
Жалын өріп жаныңа нұр құяды.
Бұлбұл қылып жаратқанба Тәңірім,
Қуантуға Отан-Ана ұямды.
Сыр ақтарып ұлы көштен өткеннен,
Ол өткен ғой небір асу өткелден.
Таңданасың өрлігіне арудың,
Қайсарлықпен қиындықты қақ тілген.
Елемейтін жердің жақын алысын,
Шалсаң түнде эфирлердің ағысын.
Алаш үнін асқақтатқан биікке,
Сен естисің оның аққу дауысын.
Жүрсем дағы еленбестен қиянда,
Бар үмітім ұлт намысым Тұранда,
Қазағымды мойындатқан әлемге,
Әнші Майрам сірә есімнен шығарма!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері