Алдымда менің арайлап атқан ақ таң ба – Айтуар Өтегенов

Бұл бетте «Алдымда менің арайлап атқан ақ таң ба» атты Айтуар Өтегенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 04.07.2019
  • 0
  • 1
  • 4845
Алдымда менің арайлап атқан ақ таң бар,
Достарым мені кінәлаң, мейлі мақтаңдар.
Асыға күткен арманым болсын сол күндер,
Жүректің мөлдір сезімін ғана сақтаңдар.
Зымырап кейде уақыт шіркін ақса тым,
Мерейің өсіп орындалсыншы мақсатың.
Адамға деген бір пайдалы ісіңмен,
Кезсінші сенің әлемді бүкіл жақсы атың.


Пікірлер (1)

Асемхан

Не деген-шумақтар????????♥️

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері