Үмітті күндер – Қалампыр Кенжеғалиева

Бұл бетте «Үмітті күндер» атты Қалампыр Кенжеғалиева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 16.03.2021
  • 0
  • 0
  • 627
Қайрылмайтын артына заулайды күн,
Заулайды күн, есесін даулайды кім!
Емексітіп аспанды торлаған бұлт
Тағы көшіп бара ма жаумай бүгін?
Бір тамшы да қалдырмай сұр бұлт көшкен
Көктем өтіп барады, көктем, көктем!
Тамырланып үлгермей топырақта
Көктеместен қалар ма дәнім еккен?
Көктемеде көкте күн күліп тұрды,
Дәмеленіп шуақтан үміт тұрды...
Көктеп шыққан айқұлақ қос жапырақ
Таңғы шықпен беттерін жуып тұрды!
...Өлмеген құл жазға да жеткен екен,
Шықтан тамшы талғажау еткен екем...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері