Бұл бетте «Алматы ауасындай мінезің бар» атты Қасым Аманжолов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
03.02.2016
0
1
13716
Алматы ауасындай мінезің бар,
Жауасың бір кез жаңбыр, бір кезде қар.
Балқытып аласың да ыстығыңмен,
Артынан тоңдырасың төгіп ызғар.
Соққан соң екі жақтап ыстық-суық,
Барады ақырындап бойым суып.
Айнымай тамылжитын жазым қайда,
Япырай, күз бенен қыс қалды-ау жуық!
Қымбат
сүйікті ақыным