Бұл бетте «Өзімді жек көргенде» атты Роза Сейілхан жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Өзімді-өзім жек көрген кездерім көп,
Осыншалық апыр-ау, арсыз ба едім.
Селт етпедім, түкті де сезгенім жоқ,
Жоғалтып ап, ұятымды қанша іздедім.
Кешір дедім, оп-оңай айта салғам,
Жылап тұрды жүрегім шын жылады.
Шыға келер шындығым қай тасадан,
Бір өкініш ішімде шыңғырады.
Жастығыма сіңірдім бұлақ жасты,
Менің жайым тек соған, соған мәлім.
Қателескен кездерде шыдам қашты,
Бәрін көріп мұңайды жанарларым.
Сөз естідім, тым ауыр, зілдей екен,
Жеңілденбек мұндайда жазам қалай.
Сонда қалай шаттанбай, күлмей өтем,
Барыңдаршы, бәрің де мазамды алмай?!
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі