Үш бәйтерек – Қалампыр Кенжеғалиева

Бұл бетте «Үш бәйтерек» атты Қалампыр Кенжеғалиева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 16.03.2021
  • 0
  • 0
  • 2036
Екі аға, жалғыз інім –
Менің Үш бәйтерегім, шыңға біткен.
Суарар күндіз-түні сыңғыр қағып,
Нәрімен мөлдір бұлақ, жылға біткен.
Бұлақ деп, жылғалар деп –
атадым мейірімді.
Қазаққа ұл әулие!
Жұрт білер, жасырғанмен
Іштегі пейілімді.
Әкеміз әңгіме айтса,
қыздарын мақтайтын кеп.
«Еңбекті ұл ақтайды» деп,
анамыз өздеріңді жақтайтын көп...
Әжелер отыратын
«бәріңді Бір Жаратқан сақтайды» деп.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері