Бірін-бірі адамдардың түсінетін кезі көп – Айтуар Өтегенов

Бұл бетте «Бірін-бірі адамдардың түсінетін кезі көп» атты Айтуар Өтегенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 04.07.2019
  • 0
  • 0
  • 2464
Бірін-бірі адамдардың түсінетін кезі көп,
Шын бақыттың тани білер, көре білер көзі боп.
Асығамыз жылынуға, лапылдатып үрлеуге,
Байқаусызда қалсақ болды бір жанардан сезіп от.
Бірін-бірі адамдардың түсінбейтін кезі көп,
Шаттық пенен қуаныштан кететұғын мезі боп.
Асығамыз сусынуға, өшіруге жалынды,
Бір жанардан жүрсек дағы, жылынатын сезіп от.
Адамдағы алабұртқан, аласұрған көңіл-ай,
Бір қалыпты болмайды екен неге ұдай.
Өте шығар бір адасып, бір жол тауып жүргенде,
Сабындай-ақ қамшының,
Келтесің ғой, өмір-ай!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері