Көктемді аңсау

Бұл бетте «Көктемді аңсау» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.07.2021
  • 0
  • 0
  • 588
Қаңтар...
Ақпан...
Қарауылдап отбасын,
Түнді ұрладым,
Сындырмадым шөп басын.
Əншейінде «əу» деспеген ағайын
Бар-жоғымды қайдан менің жоқтасын?!
Қыз бен Жігіт тəрізді екен Қыс пен Мұң,
Құжырамда құлазиды құс-көңлім.
Қоңыраулы күміс үнге елітіп,
Түн ішінде түрлі түсті түс көрдім.
Түн ішінде қасқыр ұлып Ай жаққа,
Аштық жырын əйгіледі аймаққа.
Жанталаспай,
Жаным менің жай тауып,
Таңым менің атар екен қай уақта?
Қыспағынан босана алмай қыс, қардың,
Көкті көрмей,
Көк түтінге ысталдым.
Төрт құбылам құздан бетер құрысып,
Қыздан бетер қызығымнан тыс қалдым.
Аяз сорып,
Арықтады үш айым.
Қанатым жоқ,
Қалай самғап ұшайын?
Аман болсаң, бір көрінші, Аруым,
Айналайын,
Аймалайын,
Құшайын!!!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көктемді аңсау өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Көктемді аңсау өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көктемді аңсау өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көктемді аңсау өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері