Ақсұқсырдың елінде – Айтуар Өтегенов

Бұл бетте «Ақсұқсырдың елінде» атты Айтуар Өтегенов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.07.2019
  • 0
  • 0
  • 946
Өттi бастан талай-талай дауылдар,
Өттi бастан талай-талай жауындар.
Даласында, даласында қалмақтың,
Аман-есен жүрсiңдер ме, бауырлар.
От демiнен мұз таулары ерiген,
Достарына орын берген төрiнен.
Сәлем сiзге, сәлем сiзге, ағайын,
Күн сәулеттi Қазақстан Елiнен.
Қарсы шаптық тұрса дағы құз алдан,
Қатар жайлап өрiсiмiз ұзарған.
Шайқасып ап, шайнасып ап соңынан,
Бiр-бiрiнен татулыққа қыз алған.
Шалқып жатқан кең даламыз, иенбiз,
Бiрiмiзге нағашымыз, жиенбiз.
Ақсұқсырлар ана болған қазаққа,
Деп келдiм мен қалмақтан бiр сүйем қыз.
Бiздер жайлы шертiлген-дi сан дастан,
Кiм қалайды өшiргендi жанбастан.
Жаңа заман туыстығы нығайып,
Ескi заман ұмытылсын шаң басқан.
Кең даламыз бәрiмiз де, иенбiз,
Мен де сенен Ақсұқсырдай сүйем қыз.
Құшағыңды аш қазағыңа, қалмағым,
Туысқанбыз, нағашымыз, жиенбiз.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ақсұқсырдың елінде өлеңінің авторы кім?

Айтуар Өтегенов — осы өлеңнің авторы.

Ақсұқсырдың елінде өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ақсұқсырдың елінде өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Айтуар Өтегенов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ақсұқсырдың елінде өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері