Жапырақ-хат

Бұл бетте «Жапырақ-хат» атты Айнұр Төлеу жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 25.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1064
Хат жазып едім ғой,
Жапырақ бетіне,
Жанымның жап-жасыл шақтарын.
Бұтақтан түсетін сетінеп,
Сөзімді сен бірақ таппадың!
Мазалап сені де жиі мұң,
Қураған хаттарға қарадың,
Кейідің!
Алдыңа үзіліп түсетін,
Осы еді жапырақ кейібім.
Бір сөзі оқылмай жазбаша пікірдің,
Қамсыз-ақ хаттарды сыпырдың.
Желменен желп етіп алдыңа құлаған,
Жанымның сөздерін өртедің,
Бітірдің!
Күз болып кетеді,
Тізгінін тартқызбай жирен күн,
Уақыттың алдында ұялдым,
Имендім!
Соқтасы шықпайтын солқылдақ күйімді,
Осылай хат қылып жазуды үйрендім!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жапырақ-хат өлеңінің авторы кім?

Айнұр Төлеу — осы өлеңнің авторы.

Жапырақ-хат өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жапырақ-хат өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Айнұр Төлеу өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жапырақ-хат өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері