Тамшы

Бұл бетте «Тамшы» атты Айнұр Төлеу жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 25.09.2020
  • 0
  • 0
  • 2789
Бір тамшы барады әйнектен тайғанап,
Тайғанақ тірлікті аймалап.
Әйнекке тамады тағы да бір қонақ,
Бір қонақ барады сырғанап!
Аспанның көзінен асығып мөлт еттің,
Мөлт еттің, ғұмыр-ай, мөлтек тым.
Жанымен әйнекке жаншылар
Осылай өледі тамшылар.
Осылай қозғалып бір нүкте,
Бір нүкте келеді тірлікке.
Келте екен бақыттың буы тым,
Тамшылар жұтады уақыттың уытын.
Буланған әйнекке қарадым,
Жылаған жанарды сезбестей.
Жүректің суретін саламын,
Кетті деп мөлтек мұң кездеспей.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тамшы өлеңінің авторы кім?

Айнұр Төлеу — осы өлеңнің авторы.

Тамшы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тамшы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Айнұр Төлеу өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тамшы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері