Дедің бе екен?

Бұл бетте «Дедің бе екен?» атты Қалампыр Кенжеғалиева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 31.12.2021
  • 0
  • 0
  • 669
Алма-кезек дүние
салтын ұқсын дедің бе?
Алды-артыңды бағамда,
жарты міскін, дедің бе?
Жыласын да жұбанып,
қайта күлсін дедің бе?
Иманыңа саламат
айта жүрсін дедің бе?
Тірлігінде жан-жағын
парықтасын дедің бе?
Жақсылықтың өзінен
жалықпасын дедің бе?
Қайғыны да әл барда
көтере алсын дедің бе?
Құбыласын танысын,
Төте барсын дедің бе!
Ерте кеттің жарқыным,
ерте кеттің шуақты!
Бұлт бүркеген сұр аспан
нөсерімен жоқтасып,
жасынымен ұшықтап,
күкірімен жұбатты!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Дедің бе екен? өлеңінің авторы кім?

Қалампыр Кенжеғалиева — осы өлеңнің авторы.

Дедің бе екен? өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Дедің бе екен? өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қалампыр Кенжеғалиева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Дедің бе екен? өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері