Бидай моншақтары – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Бидай моншақтары» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2342
Машинаның оттары шалқып ұдай,
Арай шашқан прожектор жарқылындай,
Тулайды егін Қостанай даласында
Жарына ұрған Тобылдың толқынындай.
Саласындай саусақтың самсап бәрі,
Тербеледі бидайдың моншақтары.
Кең далада керемет күй күркіреп,
Қырмандарға құйылған жол соқпағы.
Қызыл керуен ағылған жол бойында,
Дала толған дүбірлі комбайнға.
Тер маржаны жаңбырдай мөлдірейді,
Күн қарыған диқанның маңдайында.
Отты күнгі Отанның солдатындай,
Барады ерлер аршындап алға тынбай.
Арттарында қалады қырман таулар —
Сапырылған сағыммен сары алтындай.
Атақтары аспандап ел көгіне,
Қуантты олар ересен еңбегіне.
Жер жұлдыздай гүлдерін тағып жатыр
Өңін қайта өзгерткен ерлеріне.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бидай моншақтары өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Бидай моншақтары өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бидай моншақтары өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бидай моншақтары өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері