Қызыл іңір

Бұл бетте «Қызыл іңір» атты Айнұр Төлеу жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 25.09.2020
  • 0
  • 0
  • 2716
Жиекке барып жығылдың.
Жығылдың қалай іңір күн?
Шоп-шолақ сәтін ғұмырдың
Қып-қызыл қылып сімірдің!
Жиекте тұрды күн кетпей,
Бірді түсінбей, бірді ұқтым.
Күйгелек әлем күңк етпей,
Тынысын тартты тірліктің!
Қып-қызыл еді жаным да,
Ұқсайтын саған іңір сәт.
Өзіне ұқсас жалынға
Жүгірді жүрек – ұрыншақ.
Жүгірдім саған іңір күн,
Туыспыз ғой біз енді.
Жиексіз Жерге жығылдым,
Қанатып алдым тіземді...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қызыл іңір өлеңінің авторы кім?

Айнұр Төлеу — осы өлеңнің авторы.

Қызыл іңір өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қызыл іңір өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Айнұр Төлеу өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қызыл іңір өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері